Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы » Шежін орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шежін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2021

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

«Шежін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11.11.2021 жыл                                                                           Шежін ауылы

«Шежін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қамқоршылық кеңес мүшелерінің жиналысының

                                                     №1  ХАТТАМАСЫ

         Күн тәртібінде :

1.2021-2022 оқу жылындағы білім беру ұйымының қызметі:1-тоқсан қорытындысы

2.Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы қорытынды есеп

Қатысқандар:

Мектеп директоры Қ.У.Қудайбергенов

Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Ғ.Аубакирова

Кеңес мүшелері:А.Мухаев, Н.Нұрсұлтан, Л.Аульбекова, М.Амержанова, Б.Ахметжанов, Е.Маныбеков, Б.Абильханова, Е.Аубакиров.

Хатшы:Г.Даулетбекова

                                                  Тыңдалды

       Бірінші мәселе бойынша мектеп  директоры Қ.У.Қудайбергенов   2021-2022 оқу жылындағы білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы туралы мағлұмат берді.

        Мектепте жалпы 26 мұғалім қызмет атқарады, оның ішінде жоғары білімді-26, жоғары санатты-1,бірінші санатты-8, зерттеуші-1, сарапшы-7, модератор-1, жалпы санатты-8 мұғалім. Жалпы деңгейлік курстан өткендер-7, оның ішінде бірінші деңгей-2,  екінші деңгей-2, үшінші деңгей-2, жаңартылған бағдарламамен курстан өткендер-26 мұғалім оқушыларға білім беруде. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. Бірінші ауысымда-47, екінші ауысымда-36 оқушы білім алуда.

     1-тоқсанды 83 оқушымен бастадық мектеп алды даярлық тобында 10 оқушы.Титул бойынша 83 оқушы оның ішінде 45 қыз бала білім алуда.Оқу озаты-14, оқу екпіндісі-33 болып 62,3% білім сапасын көрсетті.

     Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы Ғ.Аубакирова сөз алып,әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың отбасылық жағдайларына қарай кейбір отбасыларында жасөспірімдердің білім алып тәрбиеленуіне әлеуметтік жағдайы көп әсерін тигізіп жатқандығына тоқталды.

    Қыркүйек, қазан айларында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы офлайн дәстүрлі түрде өтті.Акцияға мектеп ұжым мүшелері ауыл азаматтары, мекеме басшылары қатысты.Мектеп ұжым мүшелері бірлестік бойынша бірігіп, мектептегі аз қамтылған,көп балалы отбасы тізімінде тұрған оқушыларға демеушілік жасады. Қайырымдылық акциясына көп балалы 5 оқушыға, мектеп мұғалімдері демеушілік көрсетіп, оқу-құрал жабдықтары және киім кешектерді алып, әлеуметтік педогог Н.Дәуренбекова санитарлық талаптарды сақтай отырып, аталған оқушыларға заттарды таратты. Ауданнан бөлінген ЖББ қорынан көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен 5 қыз,5 ұл балаларға сырт киім куртка берілді.

      Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Ғ.Аубакирова қамқоршылар кеңесінің мүшелерін ауыстыру туралы айтып өтті.С.Абйировтың орнына ауыл тұрғыны Е.Аубакиров кеңес мүшесі болып ауыстырылды.

Күн тәртібіндегі мәселені тыңдай келе,жиналыста төмендегідей шешім қабылдады.

  Шешім:

1.К.У.Кудайбергеновтың 1-тоқсан бойынша есебі қанағаттанарлық деп танылып,назарға алынсын.

2.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ғ.Аубакированың жасаған есебі қанағаттанарлық деп танылып,қайырымдылық акцияларына демеушілер мен ата-аналардың қолдауымен қайырымдылық жұмысы жалғастырылсын.